Асылхан Төлеповтің ұлы қайтыс болды

Белгілі актер Асылхан Төлеповтің ұлы қайтыс болды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Қаралы хабарды өнер иесі Instagram желісіндегі ресми парақшасында жеткізді.

«Қош бол, құлыным» деп жазу қандай қиын. Жүрегім! Батырым менің! Балам, қысқа ғана өміріңде көп нәрсені түсіндіріп кеттің. Сені құшақтап, сүйсем ғой. Қоштасып та үлгермедім. Не істейін? Не айтайын? Кішкентай ғана құлыншағым! Қолымыздан келгенін бәрін жасадық… Алла беруші, Алла алушы.
Аханым-аау….»– деп жазды ол.