Қазақ-ағылшын тілі және лингвистика мамандығын Мәжіліс депутатына таныстырылды

Көп жағдайда біз ағылшын тілін үйрену үшін орыс тілі арқылы қабылдаймыз. Ол түпкі мағынаның бұрмалануы, тікелей аударылуы және көптеген түпнұсқалық мәдениеттіңсезінбеуі немесе орыс тілі дүниетанымы шеңберінде қабылдауына алып келеді. Осы мәселеге байланысты отандық лингвистер«Қазақ-ағылшын тілі және лингвистика»(KELL) мамандығын оқыту бағдарламасын ұсынды.

Жаңа мамандық туралы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлымен болған кездесуде таныстырылды.

«Қазақ-ағылшын тілі және лингвистика» (KELL)оқыту бағдарламасының негізгі мақсаты – екі тілдің лингвистикалық ерекшеліктерін терең меңгертіп, сол тілдерді үйретуде заманауи әдістерді қолдана алатын, түрлі ортада өзінің ойын екі тілде де анық жеткізе алатын, БАҚ аясында қажетті дағдыларды меңгерген, жан-жақты тіл маманын дайындау.

М.С.Нарикбаев КАЗГЮУ Университеті «Қазақ-ағылшын тілдері және лингвистика» білім беру бағдарламасының координаторы, филолог Ақерке Салимованың айтуынша, «Оқу бағдарламасының 60% ағылшын тілінде жүргізіледі. Бұл студенттерге лингвистика саласында жүргізілген үздік зерттеу жұмыстарымен түпнұсқада танысып, оны қазақ тіл білімінде қолдануларына мүмкіндік береді. Мамандыққа түсетін түлектердің ағылшын тілі деңгейлерінің төмен болу ықтималдылығын ескере отырып, бағдарламаны соған сай құрастырдық. «Қазақ-ағылшын тілі және лингвистика» бағдарламасына қабылданған студенттер бастапқы оқу жылдарында ағылшын тілі бойынша өздерінің деңгейлерін жоғарылатып, қазақ тілі бойынша мектеп қабырғасында алған білімдерін тереңдетеді. Ал  жоғарғы курстарда  қазақ-ағылшын тіліндегі білімдерін кәсіби және ғылыми тұрғыдан жетілдіреді».