Марафоншы Марат Жыланбаев депутаттық алтын төсбелгісін сатпақ

Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Әлемге әйгілі супермарафоншы, үш әлемдік рекордтың иегері Марат Жыланбаев Екібастұз қаласы мәслихаты депутатының алтын белгісін саудаға шығарды. Марафоншы өзінің Facebook парақшасында сатылым туралы ақпаратты жариялап, бастапқы бағаны 100 000 теңге деп белгіледі.

Спортшы парламент депутатының әрбір алтын белгісі 347 392 теңге тұратынын айта кетті. Ол төсбелгіні 2003 жылы алған.

“Бұл төсбелгінің қандай ақшаға сатып алынғаны әлі күнге дейін құпия. Заң бойынша мәслихат депутаттарына алтын төсбелгі берілмейді. Бірақ сол кезде әкімдікте Екібастұздың барлық 17 депутатына алтын төсбелгі берілді. Біз оған ақы төлемедік. Қазір ол қажетсіз жатыр. Оған қоса бұл төсбелгімен байланысты жағымсыз естеліктер бар. Сондықтан да оны сатуға шығардым,” – деді Жыланбаев.

Айта кетейік, Марат Жыланбаев әлемдегі ең ірі шөлдерді жалғыз өзі жүгіріп өткен жалғыз спортшы. Ол Қарақұм, Сахара, Үлкен Виктория, Невада сияқты шөлдерді еңсеріп, Гиннестің кітабына енген, әлем бойынша жеті рекорд орнатқан. Жыланбаев жер бетіндегі ең мықты және ең шыдамды адам деп танылды. 1995 жылы ол үлкен спортты тастап, қоғамдық қызметпен айналысты.

“ozgeris.info” порталы