Танымал қазақстандық блогер жол апатынан қаза тапты

Фото: Instagram

27 наурыз күні таңертең Жамбыл облысында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының 282-ші шақырымында жол апаты болып, белгілі қазақстандық блогер Дәулет Бейсенбек қайтыс болды, — деп хабарлайды “ozgeris.info” порталы.

Жамбыл облысы ТЖД мәліметінше, «Хонда Одиссей» көлігінің жүргізушісі Тараздан Алматыға келе жатып, көлігін өз бетімен шұңқырға аударып кеткен.

Оқиға салдарынан шетелдік көліктің 29 жастағы жолаушысы (Дәулет Бейсенбек) оқиға орнында қаза тапты, жүргізуші мен тағы екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Меркен ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қаралы хабарды Instagram желісінде танымал блогер Эльмира Төлегенова жеткізді.

«Ұйықтай алар емеспін. Дәулет қайтыс болды деп естідім. Шығармашыл, ашық жарқын адам. Оның артында екі баласы мен аяғы ауыр әйелі қалды. Оның туыстарына қайғыра көңіл айтамын», — деп жазды ол.

ozgeris.info” порталы Дәулет Бейсенбектің жақындары мен туыстарына көңіл айтады.

ozgeris.info” порталы