Путин Қадыровқа генерал-лейтенант әскери шенін берді

Фото: РИА Новости

Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыровқа генерал-лейтенант шені берілді. Бұл туралы Шешенстан парламентінің спикері Магомед Даудов мәлімдеді, деп хабарлайды “ozgeris.info” порталы.

«Қымбатты достар! Қымбатты ағам, Шешенстан Республикасының басшысы, Ресей Қаһарманы Рамзан Ахматұлы Қадыровты Ресей Президенті, Жоғарғы Қолбасшы Владимир Владимирович Путиннің Жарлығымен генерал-лейтенант әскери атағының берілуімен шын жүректен құттықтаймын!», — деді Даудов дүйсенбі күні өзінің Telegram-каналында.

Дүйсенбі күні таңертең Шешенстанның ұлттық саясат, сыртқы байланыстар, баспасөз және ақпарат министрі Ахмед Дудаев РИА Новостиге Қадыровтың қазір Мариупольде «жауынгерлеріміздің рухын көтеру үшін» жүргенін атап өтті.

ozgeris.info” порталы