«Төсек-орын, тамақ»: Украинаға гуманитарлық көмектің жаңа партиясы жіберілді

Қазақстаннан Украинаның мұқтаж азаматтарына гуманитарлық көмектің жаңа партиясы жіберілді. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

«Жалпы салмағы 17,5 тонна болатын жүк төсек-орын және тамақ сияқты қажетті заттарды қамтиды. Бұған дейін Қазақстан жалпы салмағы 28,2 тонна болатын 17 түрлі дәрі-дәрмек – антибиотиктер, қабынуға қарсы, жөтелге қарсы және антигипертензивті препараттар түрінде гуманитарлық көмек жіберген болатын. Көрсетілген көмек Украина тарапының өтініші негізінде Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды.

Қайтар жолда жүкті жеткізген «Бүркіт» мемлекеттік әуекомпаниясының Ил-76 ұшағы қазақстандық дипломаттардың көмегімен Украинадан Польшаға келген ондаған ҚР азаматтары мен олардың отбасы мүшелерін алып келу жоспарлануда»,– делінген хабарламада.