Сот орындаушылар 1 айда алимент өндіре алмаса, лицензиясынан айырылады – министр

Әділет министрі Қанат Мусин Мәжілісте өткен Үкімет сағатында сот орындаушылардың жұмысына деген шағымның күн санап артып келе жатқанын хабарлады.

«2021 жылы сот орындаушыларының өндірісінде 7 миллионға жуық атқару парағы мен 9,3 триллион теңгеге басқа да құжаттар болды. Тек 300 млрд теңге сомаға 2,3 млн атқару құжаты бойынша толық көлемде өндіріп алу жүргізілді. Негізгі себептер – заңнаманың жетілдірілмегендігі, сондай-ақ борышкерлердің төлем қабілетсіздігі. Өткен жылдың өзінде борышкердің кірісінің немесе мүлкінің болмауына байланысты өндіріп алу мүмкін болмағандықтан, өндіріп алушыларға 2,4 триллион теңге сомаға 608 мың атқарушылық құжат қайтарылған. Сот орындаушыларға деген шағым
көбейді, олар жол берген бұзушылықтардың саны да өсуде. Енді бір ай ішінде алимент өндіру және басқа да әлеуметтік істер бойынша белсенді жұмыстың болмауы сот орындаушысын лицензиядан айыру үшін негіз болады»,— деді ол.