Барлық аймақта жаңбыр жауады – синоптиктер

Қазгидромет 2022 жылдың 28-30 наурызына арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Наурыздың соңғы күндерінде Солтүстік-Батыс циклонның жырасы тұрақсыз ауа райын тудырады. Солайша, республиканың барлық аумағында жауын-шашын жауады: 29 наурызда солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында. Ал 30 наурызда тек елдің шығысында ғана қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ болжанады, жел 15-28 м/с дейін күшейеді, солтүстік пен оңтүстікте болса желдің екпіні тіптен 30 м/с дейін және одан да көп болмақ, солтүстікте, шығыста, елдің орталығында бұрқасын байқалады. Ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі: түнде республиканың солтүстік жартысында 6 аяз…2 жылу, оңтүстік жартысында ауа температурасының 5 аяз…5 жылу дейін ауытқуы, күндіз батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде ауа температурасы 10…20 жылуға дейін, солтүстігінде 2…8 жылуға дейін көтерілуі, шығысы мен орталығында 3…11 жылуға дейін күтілуде»,– делінген хабарламада.