Орал әуежайына Мәншүк Мәметованың аты берілді

Фото: Kudaibergen.kz

Орал халықаралық әуежайы Қазақстаннан Кеңес Одағының Батыры атанған тұңғыш әйел Мәншүк Мәметованың құрметіне ресми түрде өзгертілді. Бұл туралы Үкіметтің сайтында жарияланды, деп хабарлайды “ozgeris.info” порталы.

«Орал халықаралық аэропорты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Мәншүк Мәметованың есімі берілсін» делінген құжатта.

Әуе айлағын атауды өзгерту туралы ұсынысты Батыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаттары 2021 жылдың қазан айында ұсынған болатын.

Мәншүк Мәметова (1922-1943) – Батыс Қазақстан облысының тумасы, Ұлы Отан соғысына қатысушы, өз еркімен майдан даласына аттанған. Калинин майданының 3-ші соққы армиясының 21-гвардиялық атқыштар дивизиясының пулеметшісі.

“ozgeris.info” порталы