Ақтауда асфальт опырылып, ортасына түсті

Фото: lada.kz
Ақтауда нөсер жаңбырдан кейін асфальт опырылып ортасына түсіп, апандай шұңқыр пайда болды, деп хабарлайды «ozgeris.info» «lada.kz»-ке сілтеме жасап.

Асфальттың опырылып түскенін жергілікті тұрғындар хабарлаған. Куәгерлер 26 наурызда Ақтаудың 21-ші шағын ауданындағы «Строитель» гараж-құрылыс кооперативінің дөңгелек жөндейтін орын алдында опырылып ортасына түскен асфальт орнында апандай шұңқырды видеоға түсіріп алған. Дегенмен ешкім зардап шекпеген.

Аталған оқиғаға қатысты «Каспий жылу, су арнасы» директорының орынбасары Ислам Үсенов мынадай түсініктеме берді.

— Бұл мекенжайда кәріз коллекторы жырылып, салдарынан асфальт ортасына түсті. Қазіргі уақытта төтенше жағдай периметрі бойынша қоршаулар орнатылған. Жұмыс қолға алынды, — деді ол.

«ozgeris.info»