Жириновский тірі – Володин

ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновский тірі, бірақ оның жағдайы өте ауыр. Бұл туралы Мемлекеттік Думаның спикері Вячеслав Володин мәлімдеді.

«Владимир Вольфович Жириновскийдің денсаулығына алаңдайтындардың барлығын тыныштандырғым келеді. Ол тірі. Оның жағдайы шынымен ауыр. Бүгін оған КТ жасалды», — деп жазды төменгі палатаның спикері Telegram каналында.