Ресей құрылыс материалдарын, техника мен жабдықтарды елден шығаруға тыйым салды

Ресей құрылыс материалдарын, қосалқы бөлшектерді, техника мен жабдықтарды шекарадан шығаруға тыйым салды. Бұл туралы Диапазон жазды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Басылымға ақтөбелік жүргізуші Қазақстан-Ресей шекарасында, атап айтқанда, «Сагарчин» және «Жайсаң» өткізу пункттерінде көрші елден тауар шығаруға жаңа тыйым салынғанын айтты.

Енді Ресейден біздің елге құрылысқа арналған кейбір материалдарды, автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектерді, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығына арналған жабдықты, нан пісіру, кондитерлік және басқа да өнеркәсіптік пештерді, әртүрлі станоктарды, кәсіби және медициналық жабдықтарды, соның ішінде балдақтар мен есту аппараттарын әкелуге болмайды.

Тыйым салынған тауарлардың атаулары 10 наурызда жарияланған Ресей Федерациясының құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталының 39 бетінде тіркелген.

Айта кетейік, шектеулер жыл соңына дейін енгізілді.