20 жастағы тәрбиеші балаларға қол жұмсаған (ВИДЕО)

Қарағанды облысында балаға қол жұмсаған тәрбиеші анықталды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

24 наурыз күні Instagram әлеуметтік желісіне жүргізілген мониторинг жұмыстары барысында Қарағанды облысы Абай қаласындағы балабақшалардың бірінде балаға қол жұмсап жатқан тәрбиешінің бейнежазбасы анықталды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабына сәйкес (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Алдын ала тергеу жұмыстары барысында полиция қызметкерлерімен 20 жастағы күдікті анықталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу амалдары жүргізілуде.