InDriver-дің командасы Алматыға көшіп жатыр

Фото: spot.uz

InDriver жолаушылар тасымалы қызметі негізгі командасының бір бөлігі Алматыға көшіп жатыр, деп хабарлайды «ozgeris.info» «Express K»-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы Chocofamily Holding негізін қалаушы және компания иесі Рамиль Мухоряпов  Instagram желісінде хабарлады.

«Біз жаһандық InDriver негізін қалаушы @arsentomsky-ді кездестірдік. Ол негізгі команданың маңызды бөлігінің Қазақстанға қоныс аударғанын растады, бұл — еліміз үшін тамаша жаңалық! Алматыда қонақтарды жылы қарсы алуымыз керек, бұл Ресейдегі «әлемдегі) ең мықты адамдар. Олар Қазақстанда тұрады, салық төлейді, ақша жұмсайды, білім мен технологияны ҚР тұрғындарына үйретеді», — деп жазды ол.

Айта кету керек, бүгінде InDriver қосымшасы Қазақстанда өте танымал. Барлық өңірде тұрғындар қосымшаны көп пайдаланады.

 

«ozgeris.info».