Қостанай қаласына жаңа әкім тағайындалды

Фото: ашық дереккөзден

Қостанай қаласына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды «ozgeris.info» Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайдың бұрынғы әкімі Қайрат Ахметов қызметінен босатылған. Оның орнына Марат Жүндібаев тағайындалды. Ол 20 жылдан астам уақыт бойы Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдары құрылымында түрлі қызметтерді, оның ішінде облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған, сонымен қатар Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болған.

«Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісе отырып, Ахметов Қайрат Жұмашұлы берген өтінішіне сәйкес, қызметінен босатылды. Архимед Мұхамбетов Қайрат Ахметовке атқарған жұмысы үшін алғыс айтты», — деді Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Марат Жүндібаев — Қостанай облысы Новоселовка ауылының тумасы, үш жоғары білімі бар азамат.