Песков Ресей ядролық қаруды қашан қолданатынын айтты

Фото: alldayplus.ru

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков елге қауіп төнген жағдайда ядролық қаруды қолданатынын айтты, деп хабарлайды «ozgeris.info».

Бұл туралы Дмитрий Песков CNN телеарнасына мәлімдеді.

– Ресейдің ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасы ядролық қаруды оның өмір сүруіне қауіп төнген жағдайда ғана қолдануды қарастырады, – деді Песков.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Брюссельде өтетін НАТО саммитінде альянсқа мүше елдер Ресей химиялық, биологиялық, кибер немесе ядролық қару қолданатын болса, олар қалай әрекет ететінін талқылайды.

Сондай-ақ АҚШ президенті Джо Байден Путиннің Украинаға химиялық қару қолдануға баруы мүмкін екенін ескертті.

 

 «ozgeris.info».