“Қорықпа, сені сақтаймыз!”: Қадыров Зеленскийге Шешенстанда жасырынуды ұсынды

Фото: 24tv-ua

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров әскерін Украинаға жіберіп қана қоймай, әскери процесс барысы туралы өзінің Телеграм арнасында жиі жазба жариялап келеді.

Сондай жазбаларының бірінде Қадыров Украина президенті Владимир Зеленскийге Шешенстанға келіп жасырынуды, ұсынысын қабыл алса өмірін сақтап қалатыны туралы айтты.

«Негізі жеңіл ойлы жігіт емессің, мен сені Шешенстанда қорғау туралы Владимир Владимировичке ұсыныс жасай аламын. Ресейге бет бұрсаң, тарихқа бітімгер ретінде енесің. Қорықпа, сені сақтаймыз. Бастысы – сені ешкім таба алмайды. Ойлан!» – деп жазды ол.

Қадыров жазбасына Зеленскийдің актерлік рөлдерінің біріндегі эпизодты қоса жүктеп,  өз ұсынысы аса орынды екеніне сенім білдірді.

ozgeris.info” порталы