Ресейдің 78 ұшағын қамауға алды

Фото: ferra.ru

Ресейлік әуе компаниялары пайдаланатын 1367 ұшақтың 78-і шетелде қамауға алынды. Бұл туралы Федерация Кеңесінің Экономикалық саясат жөніндегі комитетінің отырысында РФ Көлік министрлігінің басшысы Виталий Савельев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Батыстың санкцияларының кесірінен Ресей оларды ақыры «жоғалтып алды».

Савельевтің айтуынша, ресейлік авиатасымалдаушылар отандық тізілімге жүздеген ұшақты өткізген.

«800-ге жуық көлік берілді. Біз оларды ресейлік сақтандыру компаниясында сақтандырамыз», — деді ол.

Ресей шетелдік лизинг берушілермен ұшақтарды сатып алу туралы келіссөздер жүргізуге тырысуда.

«Тыйым салу және қайтару талабы бар. Олар төлем үшін өтемақы төлеу және сатып алу туралы келіссөздерге барғысы келмейді», -деді  Савальев.

Қазір рейстердің ұшуы жалғасуда. Бірақ белгілі бір кезеңде ресейлік тарапқа ұшақтардың қосалқы бөлшектері қажет болады. Сондықтан билік бұл мәселені шешуде.

14 наурызда Ресей президенті Владимир Путин ресейлік компаниялар жалға алған шетелдік ұшақтарға құқықтарды тіркеу мүмкіндігі туралы заңға қол қойды. Ресейлік ұшуға жарамдылық сертификаттарын беру авиакомпанияларға шетелдік әуе кемелерінің паркін сақтауға және оларды ішкі бағыттарда пайдалануға мүмкіндік береді.

Батыстық жалға берушілер ЕО санкцияларынан кейін ресейлік әуе компанияларының шетелдік ұшақтарын шетелде ұстай бастады. Ақпан айының соңында ЕО Ресейге ұшақтар мен оның қосалқы бөлшектерін сатуға, сондай-ақ ресейлік әуе компанияларына азаматтық ұшақтарды сақтандыру және техникалық қызмет көрсетуге тыйым салды.

“ozgeris.info” порталы