Роза Рымбаева Иманбекпен бірге ән шығарды

Танымал әнші Роза Рымбаева жас музыкант Иманбекпен бірге ән шығарды.

«Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Сіздер үшін жақсы жаңалығым бар. Кім не десе де, мен еліміздің эстрадасында болып жатқан өзгерістерге үлкен мақтанышпен қарап, әрқашанда жас әншілерді, музыканттарды қолдауға дайынмын. Сіздер @cocacola_kaz парақшасынан көріп үлгергендей, біз Иманбек екеуіміз бірігіп, «Наурыз-думан» әнінің ремиксін халықтың назарына ұсындық. Меніңше серіктестігіміз сәтті шықты!Сіздерге де ұнайды деген сенімдемін.
Осындай тынышсыз заманда бір-бірімізге қамқор болайық, мейірімділік көрсетейік, ренжістерге жол бермейік.
Береке көзі — бірлікте»,– деп жазды өнер иесі.