Боран соғып, қар жауады – синоптиктер

Қазгидромет 2022 жылдың 22-24 наурызына арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі — солтүстік және шығыс өңірлерде боран соғып, қар жауады. Республиканың оңтүстігінде жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады, ал 23-24 наурызда республиканың батыс өңірлері Солтүстік-Батыс антициклонның ықпалында болады. Бұл жерде ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша тұман және желдің күшеюі байқалады. Еліміздің шығысында, солтүстігінде және орталығында түнгі температура 5-13-тен 10-18 градусқа дейін ауытқиды, күндіз термометр 0-8 градус аяздан аспайды, республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасы түнде 0-8 градус, күндіз 2-10 градус жылы болады»,– делінген хабарламада.