Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады

Boeing 737 жолаушылар ұшағы Қытайдың оңтүстігінде апатқа ұшырады.

«Бортында 133 адам болған China Eastern Airlines авиакомпаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағы ҚХР Гуанси-Чжуан автономды ауданындағы Учжоу қалалық округінің Тэн уезінде апатқа ұшырады», — делінген хабарламада.

Қаза тапқандар мен жараланғандар туралы әзірге ақпарат жоқ. Қазіргі таңда іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.