Жапониядағы қазақ қызы: “Тек өз ұлтыма тұрмысқа шығамын”

Әлемдегі экономикасы дамыған Жапония елі Қазақстан қоғамы үшін қашанда қызық. Жапонияда білім алып, кәсіп жасайтын қазақ жастары көп емес. Солардың бірі Жадыра Сембай.

Жадыра Токио қаласында өзінің кәсібін бастап, бүгінде компаниясын құрған табысты кәсіпкер. 12 жыл бойы Жапонияда тұратын Жадыра «Адырна» ұлттық порталының «Керек кісі» бағдарламасына сұхбат беріп, жапон халқының білімге құштарлығы, салт-дәстүрі, даму ерекшелігі, алға қойған мақсаты мен жоспарлары және т.б туралы айтып берді.