Петропавлда ЖЭС-тің жылу құбыры құлап түсті (видео)

Фото: stan.kz Telegram парақшасынан

Петропавлдағы ЖЭО-2-де үш түтін құбырының бірінің мұржасы құлады. Ақпаратты «Севказэнерго» баспасөз қызметі таратты, деп хабарлайды “ozgeris.info” порталы.

Компания өкілдері станцияда барлық жедел әрекет ету қызметтері, өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатқанын, адамдар шақырылып, зардап шеккендер бар-жоғын анықтайтынын айтты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы әзірге 2-ЖЭО-дан зардап шеккендер қалалық ауруханаларға түспегенін хабарлады. Оқиға орнында жедел жәрдем көлігі жұмыс істеп жатыр.

Құбырдың құлағаны туралы хабарлама сағат 19:20-да келіп түскен.

Айта кетейік түтін құбыры 1961 жылы пайдалануға берілді. Оның биіктігі – 150 метр, салмағы – бірнеше мың тонна. Ал 2016 жылы қайта жөнделген.

“ozgeris.info” порталы