Харьковке шабуыл жасаған Ресей әскері соғысудан бас тартты

Украина қарулы күштерімен қақтығыста Ресей әскері үлкен шығынға ұшырады. Бұл туралы Украина қарулы күштерінің Бас штабы  Facebook парақшасында хабарлады.

«Басқыншылар айтарлықтай шығынға ұшырауда. Жеке құрамның моральдық жағдайы соғыс қимылдарының күн өткен сайын нашарлап барады. Соғыс қимылдарына қатысқан Росгвардияның жазалаушы бөлімшелері қару-жарақ пен әскери техниканың едәуір бөлігін жоғалтты» деп жазған  хабарламада.

УҚК-нің мәліметінше, Ресей әскері  ескі әрі ақауы бар құрал-жабдықтардан келген шығынды өтеп жатыр.

«Ресейдің Белгород қаласының комендатурасы Харьковке шабуылға қатысқан және бөлімшенің көп шығынға ұшырауына байланысты шабуыл қимылдарына қатысудан бас тартып, басқаларды үйлеріне қайтуға шақырған 138-ші мотоатқыштар бригадасының 10 әскери қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр», –деді  Бас штаб мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, ресейлік әскери бөлімшенің басшысы «Херсон халық республикасы» деп аталатын мемлекетті құрудағы әлсіз жұмысы үшін қатаң сөгіс алатын хабарлады.

«Кремль басшылығы халықтың қарсылығының салдарынан тіпті шартты-индикативтік суреттің жоқтығына наразы» деп мәлімдейді УҚК.

”ozgeris.info” порталы