Вице-министр Ресей ЖОО-ларының «Болашақ» бағдарламасына не үшін қосылғанын түсіндірді

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Ресей ЖОО-ларының «Болашақ» бағдарламасына не үшін қосылғанын түсіндірді, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

«Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түсуге болатын университеттердің саны көбейді. Тізімге жаңадан қосылған жоғары оқу орындарының арасында ресейлік университеттер де бар. Мәселен, осыған дейін 214 оқу орны болса енді 20-дан астам университет қосылып, таңдау мүмкіндігі ұлғайды. Екіншіден, бұл ағылшын тілін жетік меңгермеген, бірақ орыс тілін жақсы білетін жастарымыз үшін шетелде білім алудың тамаша мүмкіндігі,-дейді вице-министр.

Айта кетейік, ресейлік университеттердің қосылғаны АҚШ, Азия немесе Еуропалық жоғары оқу орындарын таңдауға еш кедергі келтірмейді. Министрлік тек «Болашақ» бағдарламасының географиясын кеңейтіп, жастарға таңдау аясын ұлғайтып берді.