«Дикий» Арманды қамауға алу мерзімі ұзартылды

Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі оның 7 сәуірге дейін ұзартылғанын және тергеудің жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Айта кетейік, полицейлер Арман Жұмагелдиевті 7 қаңтарда тұтқындаған еді.