Рудныйда ер адам 4 жасар баланың үстіне керосин құйып, оны өртеп жіберді

Рудныйда ер адам 4 жасар көршісінің баласына керосин құйып, оны өртеп жіберді, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

44 жастағы Рудный тұрғыны көршілерімен жанжалдасып, олардың үйіне барған. Кішкентай баласы бар әйел есікті ашқанда, ол олардың үстіне керосин шашып, өртеп жіберген.

Айта кетейік, 32 жастағы Рудный тұрғынының қолын күйік шалған, ал дәрігерлер ұлының өмірі үшін күресуде.