28 градусқа дейін аяз болады – синоптиктер

Қазгидромет 2022 жылдың 17-19 наурызына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

«Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік жартысы солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты аязды, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде термометр бағандары 20…28 аязға дейін жетеді. Елдің оңтүстік жартысына оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, көктайғақ және ауа температурасының күндіз 0…10 жылуға дейін, түнде 0…10 аязға дейін төмендеуі күтіледі. Республика бойынша тұман болжанады»,– делінген хабарламада.