Президент жақындарына лауазымды орынға отыруына тыйым салынады — ТОҚАЕВ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жолдауында президенттің жақындарына қандай тыйым салынатыны туралы баяндады, деп хабарлайды Ozgeris.info порталы. 

«Мемлекет басшысы барлық азаматтар үшін мүмкіндіктер теңдігінің мызғымас кепілі болуға тиіс. Сондықтан Президенттің жақын туыстары үшін квазимемлекеттік сектордағы саяси мемлекеттік қызметшілер мен басшылар лауазымдарына орналасуға заңнамалық тыйым енгізілетін болады», — деді Президент.

Ozgeris.info порталы