Елордада бастауыш сынып мұғалімдерінің съезі өтті

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Бастауыш мектеп – Білім мен ғылымның бастауы» атты бастауыш сынып мұғалімдері съезі болды.

Мен «Бастауыш білім беруді жетілдіру» секциясында “Бастауыш сыныптағы «Математика» пәнінің оқу бағдарламасының мазмұны мен көлемі” тақырыбында баяндама жасап, бастауыш математика бағдарламасы мен оқулықтарында сақталған мәселелер туралы талдадым. Ол туралы асықпай жазармын.

Жалпы съезде бастауыш мұғалімдерінің көңілінде жүрген біраз мәселелер қозғалды.

Мұндай қоғамның, ұстаздардың пікірін тыңдап, әрбір пәндерден апта сайын съез жасап жатқан министрлігі мен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясына рақмет!

Бізге осындай ашық қоғам керек. Асығыс қабылданып, ұстаз бен қоғамның пікірін ескермей іске асырылып кеткен «Жаңартылған бағдарламада» кеткен кемшіліктердің орнын толтыру оңай шаруа емес екені, бағдарламаны жаңартып, жетілдіру үшін де уақыт керек екені түсінікті.

Рысбек МӘУІТ