А.И. Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдары Нидерландтық ғарыш агенттігімен бірігіп жұмыс жасайды

Еліміздегі ірі астық шаруашылығының бірі болып саналатын А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы мен Нидерландтың Nevascoғарыш ақпараттық жүйелер агенттігі арасында келіссөздер орнатылды.


2022 жылғы 10 наурызда
Нидерландтық ғарыш агенттігі NEVASCO компаниялар тобының (Нидерланды) бастамасы бойынша осы топтың өкілі әрі NEVASCOкомпаниясының Басқарма Төрағасының орынбасары  Роб Бек А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдар тобының кездесуі өтті.

Кездесуде NEVASCO Басқарма төрағасының орынбасары Роб Бек геоақпараттық жүйелер және Жерді қашықтан зондтау саласында біршама жаңашыл технологияның мүмкіндіктері турасында айта отырып сала бойынша жүйелі түрде бірігіп жұмыс жасауды ұсынды.

Еліміздің ауыл шаруашылығы саласында бұған дейін де жұмыс тәжірибесі бар  Нидерландтық компания А.И. Бараев атындағы орталықпен бірігіп жасалатын жұмыстар төңірегінде өз ұсыныстарын жасады. Ал .И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы ғарыштық ақпараттық жүйелерді игеру барысындағы және жұмыс нәтижелері турасында қысқаша таныстырылымын ұсынды. Орталықтың дәл егіншілік зертханасының меңгерушісі В. Ф. Скобликовегіншілік саласындағы жұмыс бағыттары мен қол жеткізілген нәтижелер бойынша қысқаша ақпарат ұсынды.

Кездесу нәтижесі көрсеткендей екі жақ өзара тиімді ынтымақтастық мүдделері бойынша алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс жасауға келісті.

Бердібек ХАБАЙ