Еліміз азық-түлікпен толық қамтамасыз етілді — Смайылов

Ә. Смайылов Орта мерзімді кезеңге арналған азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды primeminister.kz сайты. 

«Бірінші кезекте еліміз негізгі азық-түлік тауарларымен толық көлемде қамтамасыз етілгенін атап өткім келеді.

Қазір ешқандай да алаңдаудың қажеті жоқ.

Соңғы жылдарда бүкіл әлемде азық-түлік тауарларына деген сұраныс пен оның бағасы күрт өсіп келеді.

Сондықтан отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу арқылы ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету бірінші орынға шығып отыр.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруды ұлғайту керек және импортқа тәуелділікті барынша қысқарту қажет.

Мемлекет басшысы ағымдағы сын-қатерлер мен тәуекелдерді ескере отырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын бірнеше рет атап көрсетті.

Осыған байланысты тиісті Жоспар әзірленген болатын. Қазіргі жағдайда бұл құжаттың маңыздылығы одан сайын арта түскенін көріп отырмыз.

Сондықтан азық-түлік тауарларының нақты қолжетімді болуы, дүкендер мен базарда жеткілікті көлемде болуы басты міндет болып отыр.

Ozgeris.info порталы