Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды

Зүлфия Сүлейменова экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Мәжіліс депутатының өкілеттігі  мерзімінен бұрын тоқтатылған еді.