Қаңтар оқиғасы: 229 айыпталушыға қатысты іс қаралып жатыр

Қаңтар оқиғасына байланысты арнайы жедел-тергеу топтары құрылды. Бұл туралы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Мәжілістің жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды ozgeris.info ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«12 мыңнан астам азаматтан жауап алынды. 2 мыңнан астам сараптама тағайындалды. Ұрланған мүліктің көп бөлігі тәркіленді. Оның ішінде 12 автокөлік, 311 бірлік тұрмыстық техника, 188 зергерлік бұйым, 261 ұялы телефон,16 млн теңге.

Қазір сотта 229 айыпталушыға қатысты іс қаралуда. 72 адам сотталды, оның ішінде 66 адамның бас бостандығы шектелді, бес адам бас бостандығынан айырылды. Бір адам қоғамдық жұмыстарға тартылды»,– деді ол.