Әйелімнен бөлек, өзім ұнатқан бұрымдылардан тіпті балаларым да бар — Қалдыбек Құрманәлі

Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі үйленгенге дейін бірнеше қызбен жүріп, тіпті олардан балалары бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info порталы.

Композитор өзінен 9 жас кіші түбі араб қызды 1997 жар етіп алған.

«Эльмира менен 9 жасқа кіші. 4 ұл, 1 қыз туды. Бәрі менен туды деп ойлаймын. Қожаның қызы, түбі араб. Кейде маған: «Қалеке, қазақты, ұлтымды жақсы көрем деп әңгіме айтасың. Неге қазақтың қызын алмадың?» — дейді. Бүкіл қазақтың қызы менің қарындасым, қазақтың қызын қалай аламын?» — деді Құрманәлі. 

Композитор өмірінде бір-ақ рет үйленгенін атап өтті. Алайда үйленгенге дейін өзі ұнатқан бұрымдылардың көп болғанын растады. 

«Бәрінің аты-жөнін, қай қалада тұратынын білемін. Олардың бірнешеуінен балам да бар. Өз өмірім жайлы кітап жазып жатырмын, сол жерде бәрін айтамын. Жасыратын ештеңе де жоқ менде. Санаған жоқпын, оны есептеу үшін арнайы есептегіш құрал болмаса арнайы уақыт бөлу керек. Бұл менің жүргіштігім немесе қатынқұмарлығым емес», — деген Қалдыбек Құрманәлі мұның бәрі отбасын құрғанға дейін болған жағдай екенін баса айтты.