Кемі 3 айға азық-түлік алып қойыңыз! — Марғұлан Сейсембай

Танымал кәсіпкер Марғұлан Сейсембай әлемде болып жатқан соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстан экономикасына алаңдаушылық білдірді. Ол халыққа кемі 3 айға жететін азық-түлік алып қоюға кеңес берді, деп хабарлайды ozgeris.info порталы. 

Ақшаңызды ең қажетті әлеуметтік тауарларға жұмсаңыз. Кемі 3 айға азық-түлік алып қойыңыз. Мысалы, қаңтар оқиғасы кезінде бес күн бойы үйде азық-түлік болмай қалғаны есімде,

— дейді кәсіпкер.

«Сосын шет елден келетін импорт тауарларға тапшылық болуы мүмкін. Әрі қымбаттап кетуі ықтимал. Мысалы, дәретехана қағазы, памперс және тағы басқалар. Осыларды мүмкіндігінше алып қойған дұрыс болады. Ал теңгені доллар немесе еуроға ауыстырыңыз. Оның бір бөлігін шешіп, үйге сақтап қойыңыз», — дейді Марғұлан Сейсембай.

«Ешкімге үміт артпай, резерв жинауға тырысыңыз. Өйткені жұмыс беріп отырған бастығыңыздың да жағдайы қиындауы мүмкін. Бір жылдан кейін Қазақстанның экономикасы тіптен қиындап кетеді деп ойлаймын. Ішкі жалпы өнім төмендеп, жұмыссыздық артады. Бұл қазір Ресей соғысты тоқтатқан кездегі сценарий. Ал егер соғыс жалғаса берсе, жағдай тіптен қиындауы мүмкін», — дейді ол.

ozgeris.info порталы