Атырауда іздеуде жүрген педофил ұсталды

Атырауда көптен бері іздеуде жүрген педофил ұсталды, деп хабарлайды ozgeris.info порталы.

Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, ұсталған 55 жастағы әйел алаяқтық жасады деген айыппен іздеуде болған.

“28 жастағы Өзбекстан азаматына ҚР ҚК 122 — бабының 1-бөлігі бойынша кәмелет жасына толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасады деген айыппен іздеу жарияланған”, — деп түсіндірді Нұрхат Оразбаев.

Қазіргі уақытта күдіктілер Атырауда уақытша ұстау изоляторына қамалды.