Қадыров Киевте: Егер ол ұсталса, көзін жоюға бұйрық беріледі

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың Киев маңында екені расталса, Украина қарулы күштері оны көзін жоюға бұйрық беріледі деп хабарлады ozgeris.info порталы orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы 13 наурызда Ұлттық телемарафонның эфирінде Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович мәлімдеді.

13 наурызда желіде Шешенстан мемлекеттік арнасы Грозный жариялаған видео пайда болды.

Бейнежазбада қол астындағы қызметкер Киевтен 7 шақырым жердегі балалар үйін басып алу операциясы туралы хабарлайды. Видео нақты қай жерде және қашан белгісіз қараңғы жертөледе түсірілген.

«Қазір ақпараттың дұрыс-бұрыс еместігі тексеріліп жатыр. Бірақ оны кеше Грозныйда көргені туралы ақпарат бар. Бірақ бір күнде Киевтің жанынан келуге болады. Соған қарамастан оның сыртқы түрі ештеңені шешпейді. Ақпарат рас болса, біз оны жоямыз.Егер ақпаратты анықтамасақ, келесі жолы жоямыз», – деді Арестович.

Kadyrov_95 Telegram-арнасы «Егер Қадыров шынымен де Киевтің жанында болса, Украина Қарулы Күштері оны жояды – Арестович» деген тақырыпты қайта жариялап, «Неге «егер» дейді? Видеоны көрмедің бе, әлде есігіңді қағуым керек пе?» делінген хабарламада.

Өз кезегінде Арестович бұл ұсынысқа Facebook желісінде: «Ал, қағып көрсін» деп жазды.

Ozgeris.info порталы