Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарында қазақстандық шаңғышылар үздік бестікке енді

Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық шаңғышылар 4×2,5 шақырымға командалық эстафетада сынға түсті, деп хабарлайды “ozgeris.info” порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Украиналық шаңғышылар алтын, француз паралимпиадалық спортшылары күміс, Норвегия өкілдері тұғырды жапты. Ал төртінші орынды Қытай құрамасы иеленді.

Александр Герлиц пен Ербол Хамитов Қазақстан құрамасының құрамында болды. Олар бесінші орынға ие болды.

Еске салайық, Герлиц биатлоннан 10 шақырымдық жарыста Ойындардың қола жүлдегері атанды. Сонымен қатар, шаңғы спринтінде бесінші орынды иеленді.

Сондай-ақ, бүгін, 13 наурызда Бейжіңдегі ойындардың жабылу салтанаты болады.

“ozgeris.info” порталы