«Baykar» компаниясы енді ұшқышсыз ұшақ шығарады

Селчук Байрактар қызмет ететін «Baykar» компаниясы енді дрондармен шектелмейді. Инженер ұшқышсыз ұшатын ұшақтар жасауға кіріскенін мәлімдеді. Бұл туралы “ozgeris.info” порталы хабарлайды.

”Baykar” компаниясы «Қызылалма»#Kızilelma деп бөлісті бұл жаңалықты. Түркі жұртының біразы мұны жауынгерлер мен билеушілердің арманы болған құпия өлке деп біледі.

“Әуе шайқасында ұшқышсыз технология басым болатын болашақты ескере отырып, Түркия шекарасында толығымен әзірленетін «Ұшқышсыз ұшақтарымыз» алға жылжу үшін маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Сонымен қатар, Fighter UAV қысқа ұшу-қону жолағындағы әуе кемелеріне көтеріліп, қонып, ішкі оқ-дәрілермен тапсырмаларды орындай алады”, — деп мәлімдеді.

Айта кетейік, Украина Түркиядан «Байрактарды» сатып алу туралы келісімге 2019 жылдың басында қол қойған. Түркия Украинаға 70 млн долларға алты дрон мен бірнеше әскери техника бергені туралы хабарлаған болатын.

“ozgeris.info” порталы