«Амфибия» экскаваторы Каспийге құлап кеткен

Баутино сауда теңіз порты аумағында жұмыс істеген «Амфибия» экскаваторы Каспийге құлап кеткен. Әрі бұл көрініс видеоға түсіп халған, деп “ozgeris.info” порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Куәгердің айтуынша, Semarсо ЖШС-ның экскаваторы жұмыс кезінде қисайған екен. Видеодан бұл жұмыс қолайсыз ауа райында жүргізілгені көрінеді.

Порт диспетчерлері оқиға 12 наурызда түстен кейін болғанын растады. Олар экскаваторды көтеру жұмыстары жүргізілгенін айтты.

Облыстық ТЖД дауыл туралы ескерту жасаған. Маңғыстау облысында 12 наурызда солтүстік, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін, ал күндіз облыстың батысында секундына 15-20 метрге жеткен.

“ozgeris.info” порталы