Qazaq Air Ресейге ұшатын рейстерді тоқтатты

Qazaq Air бүгіннен бастап Ресейге рейстерді тоқтатты, деп хабарлайды «ozgeris.info» әуе компаниясының сайтына сілтеме жасап.

«Qazaq Air әуекомпаниясы сақтандыру ұйымынан Ресей аумағында және оның әуе кеңістігінде сақтандыру өтелімінің берілмегені туралы хабарлама алды. Осы жағдайға байланысты компания сақтандыру бойынша мәселе шешілгенге дейін Ресей аумағының үстінен ұша алмайды. Осыған байланысты Новосібірге баратын бүгінгі рейс (2022 жылғы 12 наурыз) тоқтатылды», — делінген ресми хабарламада.

Жолаушыларға билет құны толық қайтарылатыны айтылды.

«Билеттерді сатып алған жерден қайтаруға болады. Билет әуекомпаниядан сатып алынса, info@flyqazaq.com электрон поштасына жазған жөн. Қайтаруға өтініммен бірге бронь нөмірін және байланыс деректерін көрсету керек. Билет агенттіктен сатып алынса, сатып алған жерге хабарласу қажет», — деп хабарлады әуекомпания өкілдері.

 

«ozgeris.info»