10 наурызда Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Ертең сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Күн тәртібінде бірнеше мәселе көтеріледі. Атап айтсақ:

1)Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы;
2) Халықтың табысын арттыру бағдарламасы.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша «Халықтың табысын арттыру бағдарламасы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.