Роза Әлқожаға тыңдарманы пәтер сыйлады

8 наурыз мейрамға орай, әнші Роза Әлқожаға тыңдарманы қымбат сый жасады. Концерт ортасында белгісіз азамат әншіге пәтер сыйлады, деп хабарлайды, ozgeris.info порталы. 

Болған оқиғаны концертке қатысқан белгілі журналист Әлия Құдайбергенова айтып берді.

«Розаға залдан бір көрермен жігіт жүгіріп шықты да: «Сізді анам жақсы көреді. Алматыдан мына пәтердің кілті сізге, шын жүректен» дегенде, Розканы білмедім, біз шок болдық», — деп баяндады ол.

Ән кеші 8 наурыз күні Алматыдағы Республика сарайында өткен.