Паралимпиада-2022: ел қоржынына алғашқы медаль түсті

Қазақстандық спортшы Александр Герлиц  Паралимпиада-2022 ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Ұлттық паралимпиада құрама командасының капитаны парабиатлонда үшінші орын алды. Ол 10 шақырым (LW6) қашықтықта бақ сынасты.

Бірінші орынды канадалық Марк Арена алса, екінші орын украиналық Григорий Вовчинскийге бұйырды.