«АҚШ, Канада, Жапония»: Ресей «достық танытпайтын елдер» тізімін бекітті

Ресей үкіметі «достық әрекеттері елге, оның компаниялары мен азаматтарына қарсы бағытталған» мемлекеттердің тізімі бар қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Оған әлемнің 50 мемлекеті кірді. Атап айтсақ, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония, Украина, Микронезия, Монако, Норвегия, Корея, Сан-Марино, Сингапур және тағы басқалары.

Владимир Путин қол қойған жарлыққа сәйкес, Ресей азаматтары мен компаниялары осы елдердің несие берушілеріне борышын валютамен емес, рубльмен төлей алады.

«Ол үшін борышкер ресейлік банктен шетелдік кредитордың атына «С» арнайы рубль шотын ашуды және оған Орталық банктің төлем күніндегі бағамы бойынша рубль баламасында төлемдерді аударуды сұрай алады», — деді министрлер кабинеті.