Жетісай ауданының әкімі әжелерге тәттілер мен жеміс-жидек себетін сыйға тартты

Түркістан облысы Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек 100 жастан асқан әжелерге тәттілер мен жеміс-жидек себетін сыйға тартты, деп хабарлайды ozgeris.info.

Мерекелік құттықтауға «Amanat» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Әділхан Асауов, аудан әкімінің орынбасары Асан Маханбетов пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Омар Есенбеков да арнайы қатысты.

Аудан басшылығының тартуы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Бірі: «Жаңа жылдан қалып кеткен кәмпиттері болар, қолдану мерзімін қараңыздар»,– деп жазса, енді бірі: «Жас та болса өнегелі азамат екен»,— деген пікір қалдыруда.