Ердоған Путинді бейбітшілікке шақырды

Түркия мен Ресей президенттері Тайып Ердоған мен Владимир Путиннің Украинадағы жағдай туралы келіссөздері аяқталды. Ол бір сағатқа созылды, деп хабарлайды TRT Haber телеарнасы.

Ердоған Ресейді бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық дәліздер ашуға және бейбіт келісімге қол қоюға шақырды.

Ол сондай-ақ Түркияның қақтығысты қантөгіссіз жолмен шешуге көмектесе алатынын айтты.

Өз кезегінде Владимир Путин Украинаға басып кіру «Киев шайқасын тоқтатып, Ресейдің талаптарын орындаған жағдайда» ғана тоқтатылатынын мәлімдеді.