Тоқаев әкімдердің қызметіне қатысты жарлыққа қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің халықпен кездесу өткізуі туралы жарлыққа қол қойды. Енді барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізуі тиіс. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info.

«Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін»,– делінген қаулыда.

Жарлықтың толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.