«Халық банкі» басшысының ұлы қызметінен кетті

«Халық банкі» басшысының ұлы Сәкен Шаяхметов Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті, деп хабарлайды «ozgeris.info» Павлодар облысы басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов берген өтінішінің негізінде қызметінен босатылды. Ол өнеркәсіп, инновациялық-индустриалды даму, кәсіпкерлік және цифрландыру мәселелеріне жетекшілік еткен», — делінген облыс әкімінің түсініктемесінде.

Бұл қызметті Шаяхметов 2020 жылдың 20 ақпанынан бастап атқарып келеді.

Өңір жастарының есінде 31 жастағы экс-замәкім «Ертістегі қала» атты рэп-әнінің өзіндік нұсқасы арқылы қалды. Экс-шенеунік өткен жазда өткен жастармен кездесуінде өз шығармасынан рэп оқып берген. Шаяхметов кездесуге «Мен рэпер емеспін» деген жазуы бар жейде, джинсы шалбар мен кроссовкада «галстуксіз» келгені айтылған.

Сәкен Шаяхметов — Қазақстан Халық банкінің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметованың үлкен ұлы.

 

«ozgeris.info»